Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Испанияда екі аптада коронавирустың 1,5 млн жуық оқиғасы анықталды

29 Января 2022 18:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Испанияда соңғы 14 күнде коронавирустың 1,5 миллионға жуық жаңа жағдайы анықталды. Мали Республикасына Қытай вакциналарының тағы бір партиясы тегін жеткізілді. Оларды Қытай билігі жөнелтті. Бұл туралы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мали Республикасы Қытай елі қайырымдылық мақсатта ұсынған коронавирус вакциналарының тағы бір партиясын алды. Бір күн бұрын Бамако мемлекетінің астанасына ҚХР фармацевтикалық концерні өндірген препарат партиясы келді. Вакциналарды күтіп алу рәсіміне ҚХР Елшісі Чэнь Чжихун мен Малидің Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Дьеминату Сангаре қатысты. Министр Қытайдың Малиге індетке қарсы дәрі-дәрмектердің бірнеше партиясын ұсынғандығын және бұл пандемиямен күресуге көмектескенін, Қытай вакциналары тиімді және сенімді екенін атап өтті.

Соңғы екі аптада Испанияда коронавирустың 1,5 миллионға жуық жаңа жағдайы анықталды. Бірақ Денсаулық сақтау министрі Каролина Дариастың айтуынша, Испания індеттің алтыншы толқыны шыңынан өтті.

«КВИ жұқтыру деректері күн сайын расталуда. Дегенмен біз күн сайын аурушаңдық көрсеткішінің төмендеп келе жатқанын көріп отырмыз», - деді Дариас.

Алтыншы толқын кезінде инфекциялар саны бір жыл бұрын белгіленген көрсеткіштерден 7 есе көп болды. Сонымен қатар, реанимация бөлімшелеріндегі ауруханаға жатқызу және төсек-орын толтыру әлдеқайда төмен болды. Дариастың сөзінше, бұған елдегі вакцинацияның жоғары деңгейі (90 пайыздан астамы), сондай-ақ ауыр зардаптары аз «омикрон» штамының ерекшеліктері ықпал етті.


Ключевые слова: Пандемия, Коронавирус, Әлемдегі коронавирус, Әлем,
Наверх