Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Иранда Президент сайлауы өтіп жатыр

18 Июня 2021 12:28

ТЕГЕРАН. ИРНА-ҚазАқпарат. Иран президенті Хасан Рухани 13-ші президенттік сайлауда, қалалар мен ауылдардың муниципалды кеңестеріне сайлаудың 6-турында, қосымша парламенттік сайлаудың 11-туры үшін бірінші аралық мерзімде және ИИР ішкі істер министрлігі ғимаратында Сарапшылар кеңесіне сайлаудың 5-туры үшін екінші аралық мерзімде дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат IRNA-ға сілтеме жасап.

13-ші президенттік сайлау, қалалар мен ауылдардың муниципалды кеңестеріне сайлаудың 6-туры, қосымша парламенттік сайлаудың 11-турының бірінші кезеңі және Сарапшылар кеңесіне сайлаудың 5-турының екінші кезеңі жұма күні таңертең 7-де басталды.

Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сенбі күні таңғы 7:00-ден 02:00-ге дейін ашық (жұма күні таңғы 8:30-дан сенбі күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша түнгі 03:30-ға дейін – ред.). Осы жылы Covid-19 пандемиясының таралуына байланысты дауыс беру уақыты ұзартылды. 59 миллион 310 мың 307 адам 13-ші президенттік сайлауда, қалалар мен ауылдардың муниципалды кеңестерінің сайлауының 6-турында және Ирандағы парламенттік сайлаудың 11-турында бірінші аралық кезеңде дауыс беруге құқылы. Сайлауға алғаш рет 1 млн 392 мың 148 адам қатыса алады, олардың 706 988-і – ер адам, 685 мың 160-ы – әйел адам.

Ел ішінде президенттік сайлауда дауыс беру үшін 72 мың сайлау учаскесі ашылған.

25 мамырда Иран Конституциясының Қамқоршылар Кеңесі 18 маусымда Президент лауазымына таласатын үміткерлердің соңғы тізімін жасаған болатын:

ИИР қазіргі сот басшысы Ибрахим Раиси,

ИИР саяси орындылығын анықтау жөніндегі Кеңестің мүшесі Саид Джалили

ИИРсаяси орындылығын анықтау жөніндегі кеңестің хатшысы Мохсен Резаи Миргаед Мәжілісті зерттеу орталығының басшысы және Иран парламентінің бұрынғы өкілі Алиреза Закани

Иран парламентінің қазіргі вице-спикері Амир Хоссейн Газизаде Хашеми

Иранның бұрынғы вице-президенті және дене тәрбиесі ұйымының басшысы Мохсен Мехр-Ализаде

ИИР Орталық банкінің бұрынғы басшысы Абдольнасер Хеммати.

Алдыңғы күндері Саид Джалили, Мохсен Мехр-Ализаде және Алиреза Закани президенттік сайлауға қатысудан өз үміткерлігін алып тастау туралы шешім қабылдады. Пехлеви режимінің құлдырауына әкелген 1979 жылғы Ислам революциясының жеңісінен кейін орта есеппен жыл сайын Иранда бір сайлау өткізіліп, олардың барлығына көп адам қатысады.


Ключевые слова: Әлем,
Наверх