Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Игорь Сон Олимпиада сыйақысын науқас інісін емдетуге жұмсайды

30 Июля 2021 20:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық зілтемірші, Токио Олимпиадасының қола жүлде иегері Игорь Сон жеңіске жеткені үшін берілетін сыйақыны қайда жұмсайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менің кіші інім мүгедек, оған БЦП (балалардың церебральды параличі) диагнозы қойылған. Ата-анам ініммен бірге емделуге кетті, қазіргі сәтте олар Кореяда. Менің қазіргі бар ойым - інімді аяғына тік тұрғызу. Содан артылған ақшаға өмір сүретін боламын», - деді Олимпиада жеңімпазы И. Сон ОКҚ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін Қазақстандық ауыр атлет, Токиодағы XXXII жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Игорь Сон жеңістен кейінгі әсерін бөлісті.

«Дайындықты одан әрі жалғастырамын. Ендігі Олимпиадада алтын медаль үшін таласқа түсемін деген ой бар», - деген еді ол.

Айта кетейік, Токиодағы Олимпиада ойындарында қазақстандық зілтемірші Игорь Сон қола медаль жеңіп алды.

Еске сала кетсек, бұған дейін еліміздің Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Токиодағы Олимпиада ойындарында жеңімпаз атанатын спортшыларды қандай сыйақы күтіп тұрғанын айтты.

Атап айтқанда, бірінші орынға - спортшы мен бапкерге 250 мың АҚШ доллары беріледі, екінші орынға - 150 мың доллар және үшінші орын иегеріне - 75 мың доллар көлемде сыйақы беріледі.


Автор Әли Ибраев
Ключевые слова: Олимпиада, Спорт,
Наверх