Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Грекияда Олимпиада алауы жағылды

18 Октября 2021 17:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Аталған шара көрерменсіз өтті. Оған тек ресми тұлғалар – ел президенті Катерина Сакелларопулу, Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах, Грекия Олимпиада комитетінің басшысы Спирос Капралос және тағы басқалары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алауды жағу рәсімі YouTube арнасынан көрсетілді. Олимпиада алауының шырағын бірінші болып тау шаңғышысы Иоаннис Антониу көтереді.

Алау Ежелгі Олимпия стадионынан қазіргі заманғы Олимпиада ойындарының негізін қалаушы, француз бароны Пьер де Кубертен ескерткішіне дейін апарылады.

Бұдан кейін түнге қарай оны Афинаның Акрополіне апарып, 19 қазанда Қытай делегациясына табыстайды.

Грекияда алау эстафетасы COVID-19 вирусына байланысты шектеуге байланысты өткізілмеді.

Айта ктерлігі, Қысқы Олимпиада ойындары Бейжіңде 2022 жылғы 4-20 ақпан күндері аралығында өтеді.


Фото: tass.com
Ключевые слова: Спорт, Олимпиада, Әлем,
Наверх