Погода
Астана 19 °С
Алматы 19 °С
Курс валют
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Головкиннің келесі айқасы қайда өтетіні белгілі болды

29 Мая 2020 11:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - The Ring журналы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) келесі жекпе-жегін қайда өткізетіні туралы жазды, деп хабарлайды Sports.kz.

Оның қарсыласы - Польша боксшысы Камил Шеремета (21-0, 5 КО), айқас АҚШ-тың Чикаго қаласында болады. Жұдырықтасудың өтетін күні әзірге белгісіз, алайда промоутер Эдди Хирн оның тамыз айында ұйымдастырылатындығына үміттеніп отыр.

Еске сала кетсек, Головкиннің Шереметамен жекпе-жегі ақпан айынан бері бірнеше рет түрлі себептермен кейінге қалдырылған. Бұл ретте, боксшылар жұдырықтасатын орын белгілі болды – бұл Чикагоның Wintrust Arena-cы. Шереметамен айқаста Головкиннің IBF тұжырымдамасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы бәске тігіледі.


Ключевые слова: Геннадий Головкин, Спорт,
Наверх