Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Головкин орта салмақтың патшасы атанды

26 Ноября 2021 11:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Givemesport.com сайты барлық салмақ дәрежесі бойынша қазіргі аты әйгілі боксшыларға арналған материал шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Сайт материалында орта салмақ дәрежесінің гегемоны болып IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы титулдарының иегері Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) танылды.

«Орта салмақтағы дивизионның өз көшбасшысы бар, ол Геннадий Головкин. Бокс жанкүйерлерінің тынысын тарылтып «Канеломен» үшінші жекпе-жегін күтіп жүргенде, GGG орта салмақтағы көшбасшылықты қарсыластарына тигізген темір жұдырығымен иеленіп отыр. Геннадийдің түйіндемесінде тек бір жеңіліс бар, бірақ заманауи спорт тұлғалары туралы айтар болсақ, орта салмақтағы қазақстандық боксшы – бүгінгі күннің бас кейіпкері», - делінген мақалада.


Ключевые слова: Геннадий Головкин, Қоғам, Бокс, Спорт,
Наверх