Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футболдан Еуропа чемпионаты: Нидерланды Австрияны сүріндірді

18 Июня 2021 03:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Еуропа чемпионатының финалдық сатысының топтық кезеңі екінші турында Нидерланды мен Австрия құрамалары кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске салсақ, аталған екі құрама С тобында сынға түседі. Қарсыластары – Украина және Солтүстік Македония.

Алғашқы турда Нидерланды Украинадан 3:2 есебімен басым түссе, Австрия Солтүстік Македонияны 3:1 есебімен жеңді.

Бұл топта кеше, 17 маусымда екінші турда Украина Солтүстік Македонияны 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Екі құрама бұған дейін 19 мәрте кездесті. Оның тоғызында Нидерланды жеңіп, алтауында Австрия басым түссе, қалғанында тең нәтиже тіркелді.

Айта кетерлігі, Австрия аталған қарсыласын 1990 жылдан бері жеңе алмай келеді. Содан бері алты ойында да нидерландылық футболшылар австриялықтарды қапы қалдырып жүр.

Бүгінгі кездесуде қос құраманың да ойыны қарқынды болды. Жеңіске жеткені жарыстың келесі сатысына берілетін жолдаманы бір тур бұрын қалтаға басуы тиіс.

Ойынның 11-минутында Австрияға қақпасына белгіленген пенальтиді Мемфс Депай мүлт жіберген жоқ. Ал Дензел Дюмфрис 67-минутта қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша Нидерланды қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті.


Автор Әділжан Үмбет
Ключевые слова: Спорт,
Наверх