Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Фархат Әбдірайымовқа арнайы марапат берілді

3 Декабря 2021 00:13

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы «Бастау» 9-халықаралық кинофестивальде танымал қазақстандық актер, марқұм Фархат Әбдірайымовқа отандық киноматографияны дамытуға қосқан үлесі үшін арнайы марапат берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әкем халық немесе еңбек сіңірген әртісі сияқты мемлекеттік атақтар алмаған еді, алайда ол әрқашан жақсылық пен қайырымдылықтықтың пен әділдіктің жақтаушысы болды. Сондықтан да біз әкеміздің осы сыйлығын ерекше ықыласпен қабылдадық», - деп жазды актердің желідегі парақшасында балалары.

Фестиваль ұйымдастырушылары сыйлықты актердің жесірі Виктория Әбдірайымова мен ұлдары Аслан мен Темірланға берген.

Еске салсақ, биыл мамыр айында Грузияда түсірілім барысында Қазақстан актері Фархат Әбдірайымов қайтыс болды.

Фархат Әбдірайымов 1966 жылы 21 қаңтарда Алматы қаласында туған.

Алматы технологиялық университетін инженер-технолог мамандығы бойынша бітірген. 1999 жылдан Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның актері болған еді. Ол «Шанхай», «Ақсуат», «Омпа», «Махаббат тәлкегі», «Сиқыршы демеуші», «Жел адам», «Француз құрбақасынан әзірленген борщ», «Шекара», «Жан жүрегім - Астана», «Параллель әлем», «Гейзер», «Үш лимон», «Батыр», «Ең сұлу» сынды фильмдерге түскен.

Фархат Нұрсұлтанұлы РФ «Үздік актер» кино басылымының бас жүлдесін, XXI Халықаралық «Святой Георгий Победоносец» кинофестивалінің Гран-при жүлдесін жеңіп алған. 2020 жылы «Алтын Адам» сыйлығының «Жыл киножұлдызы» аталымын иеленген. ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған.



Ключевые слова: Алматы, Мәдениет,
Наверх