Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ералы Тоғжанов коронавирусты емдеу хаттамасы неге бірнеше мәрте өзгергенін түсіндірді

16 Июня 2021 18:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Медицина қызметкерлері күніне арналған кездесуде Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирусты емдеу хаттамасы неге 11 рет өзгертілгенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осы сәтті пайдаланып, пандемиямен күресу арқылы Қазақстанның болашағына өлшеусіз үлес қосқан бірқатар азаматқа алғыс айтқым келеді. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласының бас инфекционист дәрігері Атығаева Сәуле Қабиқызы пандеминың бірінші күніне бастап инфекциялық госпитальге басшылық жасап, 2000-нан астам ауыр жағдайдағы науқасты емдеуге атсалысты. Алматы қаласындағы Жекенов атындағы инфекциялық аурухананың дәрігері Отағанова Тамара Құстайқызы 1000-нан астам ауыр дәрежелі науқасты емдеп шықты. Қарағанды медицина университетінің профессоры Кучерова Бақыт Нұралықызы коронавирус вирусын емдеудің клиникалық хаттамасын әзірлеу тобына жетекшіліr етіп, 100-ден аса вебинар өткізді», - деді вице-Премьер.

Ералы Тоғжанов былтырғы наурыз айынан бері коронавируспен күреске тартылған медицина қызметкерлеріне 180 млрд теңге үстемеақы төленгенін еске салды.

«Ашығын айтқанда, оңай болған жоқ еді. Хаттаманы бірнеше рет өзгертуге тура келді. Қысқа уақыттың ішінде хаттама 11 рет ауыстырылды. Бұл біз ғана қабылдаған шешім емес. Бүкіл әлем дәрігерлерінің, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тікелей шешімдеріне байланысты осылай болды. 840 медицина қызметкері Мемлекет басшысының шешімімен «Халық алғысы» медалімен марапатталды. Коронавирус инфекциясымен күреске тікелей қатысқан медицина қызметкерлеріне өткен жылдың наурыз айынан бастап жалпы сомасы 180 млрд теңге үстемеақы төленді», - деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Наверх