Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордалық спортшылар Құрбан айт мерекесіне орай қайырымдылық акциясына қатысты

22 Июля 2021 22:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық спортшылар мұқтаж отбасыларға құрбандық етін тарату акциясына қолдау білдірді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елорда әкімдігі ұйымдастырған шараға әлем және Азия чемпиондары қатысты.

«Нұр-Сұлтан әкімдігімен бірлесіп, Құрбан айт мерекесіне орай мұқтаж жандарға ет таратумен айналыстық», - деді ескек есуден Қазақстан чемпионы Диасбек Нақып.




Айта кетейік, әкімдік ұйымдастырған акция материалдық қолдауға мұқтаж 3,5 мыңнан астам отбасын қамтыды. Жүздеген еріктілер құрбандық етін таратуға көмектесіп, автоволонтерлер бұл пакеттерді көрсетілген мекенжайларға жеткізеді.

«Мен көпбалалы анамын. Қасиетті мерекеде көпбалалы отбасыларды ұмытпағанына өте қуаныштымын. Бізге үнемі көмектесіп тұрады. Елорда әкімдігіне алғыс айтқым келеді», - деді елорда тұрғыны Лейла Жұмалиева.
Естеріңізге сала кетейік, биыл қала әкімдігі мен Мүфтият бірлесіп qurban2021.kz сайты арқылы онлайн-құрбандық шалу ұйымдастырды.












Ключевые слова: Дін, Нұр-Сұлтан, Спорт, Қайырымдылық,
Наверх