Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордаға QazVac вакцинасының 10 мың дозасы жеткізілді

30 Июля 2021 21:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қоймасына отандық вакцинаның 10 мың дозасы жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық QazVac вакцинасы бірінші компонентінің 5 мың дозасы, екіншісінің 5 000 дозасы қалалық емханаларға, сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлеріне бөлінді.

Сондай-ақ отандық препаратты «Медикер Астана» ЖШС, «Медикер педиатрия», «отбасылық дәрігерлер клиникасы», UMC корпоративтік қоры орындарынан алуға болады.

«Жергілікті вакцина біраздан бері болған жоқ. Жұрттың бір бөлігі бұл вакцинаның түсуін күтіп жүрді, енді ол қолымызға түсті. Айта кетейік, вакциналар ҚР Денсаулық сақтау министрлігі СК-Фармациямен бірлескен бұйрығы мен кестесіне сәйкес таратылады. 10 мың доза тізім бойынша қолда бар вакцинациялау пункттеріне үлестіріледі. Бүгін-ертең егу пунктілеріне жеткізілуі тиіс», - деді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Басқарма екінші компонентті алуда қиындық болдырмас үшін азаматтардан мүмкіндігінше бір жерден алуды, яғни екі компонентті де вакцинацияның бір пунктінде алуды сұрайды.

«Бірінші компонентті бір пункттен, екіншісін мүлдем басқа пунктен алуға келгендер болды. Біз қала тұрғындарынан тиісті уақытты сақтай отырып, бір пунктте вакцина алуды сұраймыз», - деп толықтырды басқарма.

Қазіргі уақытта елордада вакцинаның екі түрі бар: ресейлік «Спутник» және қазақстандық «QazVac».


Ключевые слова: Вакцина, QazVaс, Нұр-Сұлтан, Коронавирус, Медицина,
Наверх