Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада балалар бір жылда 15,8 млн рет автобуста тегін жүрген

19 Октября 2021 01:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласында балалардың қоғамдық көлікпен жүруі тегін етілді. Сол уақыттан бері балалар 15 803 062 рет автобусқа мінген, деп хабарлайды ҚазАқпарат CTS компаниясына сілтеме жасап.

Астанада қоғамдық көлікте тегін жүру құқығына мектеп оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындарының 18 жасқа толмаған студенттері ие. Олар арнайы көлік картасын рәсімдеп, автобусқа кірген кезде міндетті түрде сапарларын тіркеуі (валидация) қажет.

«Тегін жол жүру құқығына ие болу үшін кәмелетке толмаған жолаушылар Нұр-Сұлтан қаласында және қала маңындағы аудандарда тұруы тиіс. 18 жасқа толған сәттен бастап, тегін жүру мүмкіндігі бұғатталады. Дегенмен, көлік картасын ақшалай толтырып, одан әрі пайдалануға болады. Картаның жарамдылық мерзімі – 5 жыл», - деді компаниядан.


Перевод Мира Төлендіқызы
Ключевые слова: Жол, Көлік, Білім, Мектеп, Қоғам, Нұр-Сұлтан, Бала,
Наверх