Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада әлеуметтік нысандар жылу жүйесіне қосыла бастады

21 Сентября 2021 04:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада өтінім берген медициналық мекеме, білім беру нысандары, балабақша секілді әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің басшылығымен әкімдікте жылыту маусымы бойынша кеңес өтті.

Қалада жылу беру маусымы 5 күн бойы тәуліктегі орташа температура +10 градус (және одан төмен) болған кезде кезде толығымен басталады. Дегенмен, тұтынушылардың өтінімі бойынша жылу беруге қаланың әлеуметтік нысандары қосыла бастады. Бұдан басқа, жаңа нысандарды жылытуға қосу көздері анықталды, тексеру жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, елді мекендерді газдандыру, жылу электр орталықтарын жаңғырту, ЖЭО су жылыту қазандықтарын газға ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жеке сектор тұрғындары үшін қаланың барлық ауданында көмір сататын компаниялар анықталды.

Наверх