Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада 450 қой және 21 сиыр құрбандыққа шалынды

21 Июля 2021 01:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Құрбан айттың бірінші күні елордада 450 қой және 21 сиыр құрбандыққа шалынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына сілтеме жасап.

ҚМДБ-ның мәліметінше, елордада құрбан шалу рәсімі таңғы сағат 08:00-де басталды. Әкімдіктің қолдауымен қала бойынша биыл 4 нысан qurban.kz жобасы аясында қызмет көрсетуге жұмылдырылған.

Қаланың бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған өкілдік қызметкерлері аталған нысандардағы құрбан шалу рәсімін атқарып, аталмыш сайт арқылы тапсырыс берген жандардың аманатын орындады. Әрбір тапсырыс берушінің құрбандығын сою барысы бейнежазбаға түсіріліп, құрбан шалушыларға жөнелтіліп отырды.

«Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 450 қой және 21 сиыр құрбандыққа шалынды. Құрбандық еттері сол жерден бірден бөлшектеліп, арнайы пакеттерге салынып, еріктілер арқылы мұқтаж жандардың мекенжайына жол тартты. Игілікті шара айт мерекесі бойы, яғни үш күнге созылады», - делінген ақпаратта.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, еліміздің бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы 2 мыңнан астам қазақстандық онлайн құрбандық шалғанын мәлімдеген болатын.

Ключевые слова: Құрбан айт, Нұр-Сұлтан, Дін,
Наверх