Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Еліміздің қай өңірлерінде мұғалімдер жетіспейді

27 Сентября 2021 21:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде мектеп ұстаздары жетіспейтін өңірлер аталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Педагог дефицитіне келсек, биыл қыркүйектегі жағдай бойынша елімізде 3 мыңнан астам жұмыс орны бос тұр. Бүгінде Қазақстанда 350 мыңдай мұғалім барын ескерсек, салыстырмалы түрде 3 мыңды аса үлкен тапшылық деп ойламаймын. Мұғалімдердің жетіспеушілігі көбінесе ауылдық жерлердегі шағын мектептерде байқалады. Шағын мектептердегі педагог тапшылығы ондағы жүктеменің аздығынан туындап отыр. Мұғалім тапшы 3 аймақты айтар болсам, алдымен Атырау облысы, екінші кезекте Алматы облысы және үшінші орында Түркістан облысы», - деді ҚР Білім және ғылым министрлі Асхат Аймағамбетов Үкімет үйінде онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің мәлімдеуінше, жоғарыда аталған әр өңірде 600-ге дейін бос жұмыс орны бар.

«Кез келген мәселенің екі жағы бар. Мемлекет басшысы тапсырған 1000 мектеп салуға келсек, жаңа мектеп салған соң, оған қажетті мамандарды да даярлау керек. Бұл орайда педагогика мамандықтарына бөлінетін грант саны жыл санап артып келеді. Сондай-ақ, мұғалімдерді даярлауда оқу бағдарламасына өзгерістер енгізілді. Жалпы айтқанда, бүгінде елімізде педагог тапшылығын шешуге арналған кешенді жүйе бар», - дейді ол.

Бұған дейін Асхат Аймағамбетов «мектепте кейбір қажетсіз пәндерді оқытпау керек» деген пікірге қатысты өз ойын білдірді.


Наверх