Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Димаш Құдайберген «King Choice» рейтингінде алда келе жатыр

23 Сентября 2021 18:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - – Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген «King Choice» рейтингінде (Азиядағы ең сымбатты 100 жігіті) көш бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Арнайы сайттағы мәліметтерге қарағанда, Д. Құдайберген 5,9 млн дауыс жинады.

Екінші орында 5 859 003 дауыс алған Оңтүстік Кореяның BTS тобының солисі (Kim Seokjin) тұр.




Айта кетейік, дауыс беру биылғы 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

19 қыркүйекте «Jas Otan» Жастар қанатының белсенділері әлеуметтік желілерде «King Choice» рейтингінде Димаш Құдайбергенге дауыс беруді қолдау үшін #JasOtanQoldaidy акциясын іске қосты.

«Jas Otan» ЖҚ төрағасы Нұржан Жетпісбаев әлеуметтік желілерде қазақстандықтарды отандасымызға дауыс беруге шақырды. Бұл үндеу жасотандықтар арасында челленджге ұласты.




«Сіздерді қазақстандық жастардың тағы бір өкілі, тамаша дауыс иесі - Димаш Құдайбергенді қолдауға шақырамын. Қазақстандықтардың ортақ күш-жігерімен біз байқауда жеңіске жетуге көмектесеміз деп сенемін!»,- деп жазды Нұржан Жетпісбаев.

Дауыс беру ережелерімен @jas_otan Instagram және Facebook парақшаларында танысуға болады.⠀


Автор Руслан Ғаббасов
Ключевые слова: Димаш Құдайберген, Мәдениет, Өнер,
Наверх