Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Дамушы елдерде инфляциялық қысым сақталуда – Ұлттық банк

25 Октября 2021 22:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дамушы елдерде инфляциялық қысым сақталады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дамушы елдерден кейін дамыған елдердің жекелеген орталық банктері монетарлық талаптарды күшейту цикліне кіре бастайды. 2021 жылдың басынан бастап 31 орталық банк, оның ішінде дамыған елдер – Норвегия және Оңтүстік Корея негізгі мөлшерлемені көтерді. Ресейдің орталық банкі соңғы отырысында негізгі мөлшерлемені 7,5%-ға дейін 0,75 п.т. арттыра отырып, монетарлық саясатты күшейту циклын белсенді түрде жалғастырды. Бұл шешім нақты инфляцияның болжамды мәндерден айтарлықтай ауытқуымен негізделеді.

2021 жылдың қорытындысы бойынша Ресейде инфляция 7,4–7,9% аралығында болады деп күтілуде», - делінген Ұлттық банк мәліметінде.

Сонымен қатар, сыртқы институттар инфляцияның тез төмендеуі болмайды деп отыр.

«ХВҚ болжамдары бойынша дамыған елдерде жыл соңына дейін инфляция бойынша ең жоғары мәндерге қол жеткізу күтіледі, кейіннен 2022 жылдың ортасына қарай пандемияға дейінгі мәндерге қайта оралады. Дамушы елдерде валюта бағамдарының әлсіреуі салдарынан азық-түлік, мұнай және импорттық тауарлар бағасының өсуіне байланысты инфляциялық қысым сақталады. Алдағы отырыс қарсаңында АҚШ ФРЖ экономиканың ашылуына қарай бағаларға жоғары қысымды атап өтті. Реттеушінің пікірінше, инфляция төмендей бастағанға дейін күтілгеннен ұзақ уақыт бойы жоғары деңгейде қалады. Осыған байланысты 2021 жылға арналған инфляция бойынша болжамдар көтерілу жағына қарай түзетілді», - деп аталып өткен ҰБ хабарламасында.

«Жоғары сыртқы және ішкі инфляциялық ахуал жағдайында Ұлттық банк 2022 жылы 4-6% дәлізіне кіру мақсатында ақша-кредит саясатын қалыпқа келтіруді жалғастыруда. Осы мақсатқа қол жеткізу Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың Инфляцияға қарсы ден қою шаралары кешенін тиімді іске асыруына да байланысты. Ұлттық банк дезинфляциялық ақша-кредит саясатын, оның ішінде қабылданып жатқан инфляцияға қарсы шаралардың нәтижелілігін талдау негізінде жүргізуді жалғастырады», - делінген таратылған ақпаратта.

Айта кетейік, ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 9,75%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады.


Наверх