Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бұрынғы КСРО елдерінен АҚШ-қа қоныс аударған ардагерлер соғыс жылдарын еске алды

9 Мая 2021 16:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл сайын мамырдың басында Михаил Вовчук салтанатты костюмін шығарады. 100-же жақындаған шағында Лос-Анджелесте тұрса да, ол өз салтын сатпайды. Екінші Дүниежүзілік соғыс ардагері майданға қалай түскені туралы естеліктерін бөліседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Голос Америки радиокомпаниясының орыс тілді қызметіне сілтеме жасап.

Соғыс ардагері Михаил Вовчук майданға бала кезінде түсті. Соғыстың басында Кеңес Одағының мыңдаған тұрғыны эвакуацияланған Өзбекстан республикасындағы әскери училищені тәмамдағаннан кейін Михаил майданға аттанады.

«18-19 жастағы екі мың баланы әскери пойызға тиеп, Сталинградқа алып кетті. Біздің курсанттарды алғы шепке жеткізу үшін арнайы әскери пойыз жіберілген еді. Ал біздің командир «Мен өз қырандарымды жаяу жеткіземін» деді, сосын біз жаяулаттық. Ол бірнәрсе сезгендей болды. Пойызбен жүріп бара жатқандарға немістер тап болып, көп бөлігі сол жерде қайтыс болды», - деп ардагер көзіне жас алады.

Сталинград үшін сол айқасқа мен көп достарымды жоғалттым, өзім де жарақаттандым. Менің аман қалғаным ғажап саналады.

«Нағыз достық болатын, бәріміз біріміз үшін және біріміз бәріміз үшін еді. Жеңіске деген сенім, жігер және халықтар достығы көмектесті», - дейді Михаил Вовчук.

Лос-Анджелесте тұратын тағы бір соғыс ардагері Фройм Гелман Орталық Азияға эвакуацияланған. Ол кезде 16 жаста болатын.

Румынияда туған Фроймды майданға алғысы келмеген, алайда ол командирді көндіріп алады. Әскери училищені тәмамдағаннан кейін оны Приморьеге жібереді.

Онда Курск доғасындағы ұрысқа қатысқан жасырын танкіге қарсы жойғыш полк құрылған.

Соғыс басталған кезде Людмила Беренбойм 9 жаста болған. Эвакуацияланған басқа балалармен бірге ол үлкен кісілер мен жарақат алғандарға көмектескен.

9 мамырда ардагерлер Пламмер парктегі қаза тапқан кеңес сарбаздарына қойылған ескерткіш алдында жиналмақ. Әр жыл сайын мұнда Батыс Голливудтан келетіндер саны азайып келеді.

«Қазір біз тірі қалған 33 адамды ғана санадық. 10 жыл бұрын олардың саны 800 адам болатын», - деді Батысголливудтық орыс тілді қауым кеңесінің мүшесі Раиса Агуф.

Жеңіс күні Батыс Голливуд мэриясынан ардагерлерге сыйлық таратылады: шәйнек, шай мен бал.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан Жеңіс күнін тойлап жатыр. Биыл 1941-1945 жылдары болған КСРО мен фашистік Германияның соғысындағы Жеңіске 76 жыл толды.


Ключевые слова: АҚШ, Америка, Әлем, Жеңіс күні,
Наверх