Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Бүлікшілер қолға ілінгеннің барлығын алып кетті – Семей әкімдігінің қызметкері

20 Января 2022 20:00

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында жаппай тәртіпсіздікке қатысқандар әкімдік ғимаратынан ноутбук пен принтерлерді алып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық қаржы шаруашылығы бөлімінің басшысы Шынар Сағадиеваның айтуынша, 5 қаңтарда болған тәртіпсіздіктер кезінде әкімдік ғимаратына кіреберістегі есіктер мен терезелер сынған.

«Бірнеше қабаттағы 25 терезе мен 171 есік сынды. Бұдан бөлек те материалдық шығын келтірілген. Атап айтқанда, үстелдер мен орындықтар бүлінді. Ноутбуктар, принтерлер мен диктофондар ұрланған. Бүлікшілер қолына ілінгеннің барлығын алып кетті. Әкімдік қызметкерлеріне тиесілі басқа да заттар жымқырылды. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кіреберіс жөнделіп, терезелер орнатылуда», - деді ол.

Алайда әзірге келтірілген шығынның нақты мөлшері белгісіз. Әлі есептеу жұмыстары жүргізілуде.


Наверх