Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Биыл Ақтөбеде балаларға қатысты 11 сексуалдық зорлық-зомбылық дерегі тіркелді

18 Мая 2022 21:01

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері облыста кәмелетке толмағандарға қатысты 36 қылмыстық іс тіркелді. Облыстық ПД бастығының орынбасары Қанат Әлиевтің айтуынша, балаларға қатысты 11 сексуалдық зорлық-зомбылық дерегі анықталып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл басынан бері облыста кәмелетке толмағандарға қатысты 36 қылмыс жасалған. Бәріне талдау жүргізілді. Балаларға қатысты зорлық-зомбылық отбасында, әсіресе, өгей ата-ана тарапынан болатыны анықталды. Биыл балалар жасалған сексуалдық зорлық-зомбылыққа қатысты 11 дерек тіркелді», - деді Қанат Әлиев.

Айта кетейік, облыста балалардың өз үйінен жыраққа кетіп, хабарсыз қалуы жиілеп кеткен. Биыл кәмелет жасқа толмаған 30 бала үйіне қайтарылды. Мұнда қылмыстық емес, әлеуметтік жағдай жиі себеп болады. Жасөспірімдерді отбасындағы түсініспеушілік пен тұрмыстағы қолайсыздық алаңдатады.

Құқық қорғау органдарын бұқаралық ақпарат құралдарындағы зорлық-зомбылық көрінісі, ойындар мен ойыншықтарды жаппай сату алаңдатады. Интернет ресурстар мен сілтемелерді анықтау мақсатында облыстың ПД криминалдық полиция қызметкерлері 2021 жылы 276 бейнематериалды бұғаттады. Биыл 68 материал жіберілді.

Аймақтағы мәслихат депутаты Бақытқан Жаншаева ата-анасы бас тартқан, балалар үйін паналап отырған мүгедек балалардың мәселесін айтты. Онда 5-18 жас аралығындағы ақтөбеліктер тәрбиеленіп жатыр.

«Балалардың өмір сүру жағдайы өте нашар. Мысалы, бір бөлмеде жасөспіріммен бірге 5 жасар балалар да тұрады. Бұл жағдайда зорлық-зомбылықтың болуы таңқаларлық емес. Жасөспірім ұл мен қыздарды бірге орналастырған жағдайлар да бар, бұл қолайсыз. Себебін сұрағанда мекеменің басшылығы орын жоқ деп жауап береді», - деп атап өтті депутат.


Автор Алтынай Сағындықова
Ключевые слова: Зорлық-зомбылық, Бала, Ақтөбе облысы,
Наверх