Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Биыл 120 мыңнан астам қазақстандық тегін техникалық, кәсіптік білім ала алады

27 Января 2022 12:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл 120 мыңнан астам қазақстандық тегін техникалық және кәсіптік білім ала алады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президенттің тапсырмасына сай колледждерде білім алу бойынша мемлекеттік тапсырыс көлемі артады. Биыл 120 мыңнан астам қазақстандық тегін техникалық және кәсіптік білім ала алады. Бұл 2021-2022 оқу жылымен салыстырғанда 25 мыңға көп. Сонымен қатар кәсіпорындардың колледждерді шефтік қамқорлыққа алу тәжірибесін дамытып, дуалды білім беруді кеңейту көзделіп отыр», - деді Шолпан Каринова министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Сонымен қатар ол Мемлекет басшысының дарынды балаларды қолдау жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында министрлік заңнамаға енгізілетін түзетулерді дайындағанын атап өтті.

«Олар халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлеріне жоғары оқу орындарына ҰБТ-сыз, яғни конкурстан тыс негізде білім алу үшін гранттар беруді көздейді. Бастысы біз халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері және оларды даярлаған педагог- жаттықтырушыларға да біржолғы ақшалай сыйақы төлеуді қарастырдық. Алтын медаль иегерлеріне — 1500 АЕК, күміс медаль – 1000 АЕК, қола медаль – 500 АЕК көлемінде ақшалай сыйақы тағайындау жоспарланып отыр», - деді бірінші вице-министр.


Наверх