Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бірінші сыныпқа қабылдау үшін 325 мыңнан астам өтініш түсті - БҒМ

31 Июля 2021 19:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 1-сыныпқа қабылдау үшін 325 мыңнан астам өтініш түскен, деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгінгі таңда бірінші сыныпқа қабылдау үшін 325 мыңнан астам өтініш түсті. Ата-аналарға ертең құжат қабылдаудың соңғы күні екендігіне назар аударуды сұраймыз. Құжаттарды қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасатынын естеріңізге сала кетейік» делінген білім министрлігінің хабарламасында.

Бұл мерзім болашақ оқушылардың ата-аналары мектепті алдын-ала анықтап, қажет құжаттарды уақтылы тапсырып, балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз етуі үшін берілді. Ал мектеп әкімшілігі сыныптарды алдын ала жинақтау, оқулықтардың қажетті көлемін сатып алу, мұғалімдер арасында сағаттарды бөлу және сыныптар санына байланысты педагогтер құрамын анықтау бойынша жұмыстарды атқаратын болады. Осыған байланысты министрлік өтініштерді уақытылы берудің маңыздылығын еске салады.

Өтініштерді қабылдау Еgov.kz электрондық үкімет порталы арқылы электрондық форматта жүргізіледі. Мектепке қабылдау үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет: баланың денсаулық жағдайы туралы құжаттар (баланың денсаулық паспорты №026/у-3, №063/у нысаны бойынша медициналық анықтама); баланың көлемі 3х4 см цифрлық фотосуреті. Өтініш 1 жұмыс күні ішінде қаралады.

«Қызыл» аймаққа енген өңірлерде тұратын ата-аналар медициналық анықтамаларды оқу жылының басталуына дейін ала алады.


Ключевые слова: Білім, ҚР Білім және ғылым министрлігі,
Наверх