Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Бір жылда 446 мың сәби - Қазақстанда беби-бум карантиннен кейін де жалғасып жатыр

24 Мая 2022 12:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус өршіген 2020 жылдан бастап Қазақстанда бала туу көрсеткіші артқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Energyprom порталына сілтеме жасап.

Қазақстандағы беби-бум 2020 жылы басталды. Сол кезде елімізде 426,8 мың бала дүниеге келген еді.

Дегенмен, 2021 жылы бұл рекорд бұзылып, дүниеге келген сәбилер саны бір жыл бұрынғы көрсеткіштен - 4,6 пайызға, ал 2019 жылғы көрсеткіштен - 11 пайызға артық.

446,5 мың бала дүние есігін ашты. Осы жылдың үш айында ғана республикада 95,6 мың баланың туу туралы куәлігі тіркелді.

Демек, осыдан екі жыл бұрын басталған беби-бум жалғасып жатыр деген сөз.

2021 жылы туу коэффициенті де жаңа рекорд орнатты: 10 мың тұрғынға шаққанда 235 сәби дүниеге келген.

Салыстырмалы түрде айтар болсақ, осыдан 20 жыл бұрын 10 мың тұрғынға есептегенде туу көрсеткіші 149 сәби болатын.

Мұның үстіне туудың жиынтық коэффициенті 3,32-ге жетті. Яғни, бір әйелге 3-тен көп баладан келеді.

Мұндай рекорд елімізде тек соңғы 2 жылда тіркеліп отыр. Бұл коэффициент 1999 жылы небәрі 1,8 болатын.

Бір қызығы, 2021 жылы 125,1 мың бала көпбалалы отбасында дүниеге келген.

Ал елімізде 4 және одан да көп баласы бар отбасы көпбалалы деп саналады. Сонымен қатар дүние есігін ашқан 95 мың сәби 10-шы не одан кейінгі бала саналады.


Автор Марлан Жиембай
Ключевые слова: Демография, Карантин, Статистика, Қоғам,
Наверх