Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бес облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

26 Октября 2021 18:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктер бес облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

27-28 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, 27 қазанда түнде облыстың шығысында, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с жетеді. 28 қазанда түнде желдің жылдамдығы облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с болады, екпіні 23 м/с жетеді.

27 қазанда күндіз, 28 қазанда Петропавлда батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетуі мүмкін.

27 қазанда Қарағанды облысының шығысында көктайғақ болуы ықтимал. Түнде облыстың батысында тұман түсуі мүмкін.

27 қазанда түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстік-батысында тұман түсуі мүмкін.

27 қазанда күндіз Түркістан облысының тау асуларында жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с жетеді.

27 қазанда түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында, және орталығында тұман түсуі мүмкін.


Ключевые слова: Ауа райы, Қазгидромет,
Наверх