Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Baytak Dala – Babalar Murasy экспедициясы Қарағанды облысында болып қайтты

17 Июня 2021 23:36

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Baytak Dala – Babalar Murasy этнографиялық экспедициясы Қарағанды облысының киелі жерлерінде болды. Саяхатшылар 1 158 шақырымды еңсеріп, орталық және солтүстік-шығыс Қазақстанның сұлулығын тамашалауға ниетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Этнографиялық экспедиция жетекшісі – саяхатшы және энтузиаст Мирам Байкенов.

Ол пікірлестерімен бірге ТМД елдері бойында ең күрделі маршруттарды құрастыру және өткізу бойынша үлкен тәжірибеге ие.

Мирам мен оның командасы әр саяхатын мұқият ойластырады және қазіргі экспедиция басталғанға дейін олар 4,563 шақырым жол жүріп, тәжірибе жинаған.

Олар Памир трактісін бағындырып, оның ең биік нүктесі – Ақ байтал асуына шықты.

«Baytak Dala – Babalar Murasy экспедициясына отбасылық экипаждар қатысады. Бұл ата-әжелер, баласы бар аналар мен әкелер. Біздің мақсатымыз – жас саяхатшыларға табиғатымыздың сұлулығын көрсету: кең байтақ даламызды, биік таулар, өзендер мен көлдердің көгілдір суларын тамашалау. Сондай-ақ қазақ жерінің бай қойнауы да бар. Экспедиция тек танымдық қана емес, сонымен қатар балаларға смартфон мен гаджеттерден аулақ болуға көмектеседі. Интернет дәуірінде балалар офлайндағы қызықты өмірді көреді», – деп атап өтті Мирам Байкенов.




Қарағанды облысынан экспедицияға «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени табиғи қорық-мұражайының және Теміртау қаласының «Сплав» халықтық фотоклубының қызметкерлері қатысуда.

Жақында саяхатшылар Ақтоғай және Қарқаралы аудандарында болды.

«Біздің бағытымыз Балқаш көлінен басталды. Әрі қарай біз Бектау ата тау сілеміне бет алдық. Таулардағы керемет көріністерден епекше әсер алып, дала жолымен Ақтоғай ауданының басқа көрікті жерлеріне қарай бет алдық. Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ескерткіші жанында болып, Қызыларай тау тізбегіне қарай жылжыдық. Қызыларай оазисі – орман, дала мен таулардың бірегей флора мен фаунасының керемет үйлесімі. Орталық Азияның ең биік нүктесі Ақсоран да осы тізбекте орналасқан», – деп қосты Мирам Байкенов.




Экспедиция мүшелері Ақтоғай ауылының өлкетану мұражайында болды.

Онда көптеген ерекше жәдігерлер сақталған. Қазба жұмыстары кезінде табылған ежелгі заттардан басқа, мұражайда жарты ғасыр бұрын жойылып кеткен Тұран жолбарысы бар.

Қарқаралыдан Баянауылға дейінгі жол экспедиция мүшелеріне Әулиетас, Қызылтау және Қу тауларымен танысуға мүмкіндік берді.











Автор Агата Мухамеджанова
Ключевые слова: Қарағанды облысы, Туризм,
Наверх