Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Бәйдібек ауданының тұрғынынан Конго-Қырым безгегі анықталды

18 Мая 2022 12:22

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте Конго-Қырым безгегін жұқтыруы мүмкін деген науқастың диагнозы расталды. Дәрігерлер қазір қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылған тұрғынның денсаулық жағдайы ауыр екенін айтып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, бүгінгі күнге науқастың жалпы жағдайы интоксикация мен геморрагиялық синдромға байланысты ауыр дәрежеде.

Айта кетейік, Бәйдібек ауданының 46 жастағы тұрғыны бұған дейін асқазан-ішектен қан кету диагнозымен облыстық клиникалық түскен еді. Оған қырым қанды безгегін жұқтыруы мүмкін деп күдік келтірілген. Науқас тез арада оқшауланып, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөлімшесіне жатқызылды. Ал онымен қарым-қатынаста болған 15 адам анықталды. Оның ішінде 9 адам - медицина қызметкерлері дәрігерлердің бақылауына алынды. Індеттің алдын алу мақсатында кешенді эпидемиологиялық, зоопаразитологиялық және ветеринарлық алдын алу іс шаралары жалғасуда.

Шымкентте Конго-Қырым безгегі күдігімен ауруханада жатқанын хабарлағанбыз.


Автор Айнұр Ақбаева
Ключевые слова: Денсаулық, Медицина, Оқиға, Шымкент,
Наверх