Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бас прокуратура заңсыз жауапқа тартылған саудагерлерге араша түсті

27 Ноября 2021 18:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бас прокуратура белгіленбеген жерде сауда жүргізгені үшін бизнес және азаматтарды жазаға тартудың негізділігін тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Олар көбінесе жауапқа заңсыз тартылғаны анықталды.

Бұл бап бойынша жауапкершілік сауда үшін арнайы орындар анықталған кезде ғана пайда болуы керек. Оларды облыстық, қалалық және аудандық әкімдер анықтайды («Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңның 27, 31-баптары).

Алайда, көптеген өңірлерде мұндай орындар болған жоқ, бірақ адамдарға 12-ден 27 мың теңгеге дейін айыппұл салынды.

Мысалы, Жезқазған қаласында (Қарағанды облысы) сауда орны белгіленбеген, бұған қарамастан кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылды. Прокуратураның шаралары бойынша 38 іс тоқтатылды, қалада сауда орындары анықталды.

Осыған ұқсас еліміздің басқа өңірінде – Ақмола облысының Зеренді ауданында прокурордың актісі бойынша сауда орындары анықталды (бұрын мұндай орындар болмаған), жауаптылыққа тарту туралы 26 заңсыз қаулының күші жойылды.

Жалпы прокуратураның шаралары бойынша 14 мыңнан астам заңсыз әкімшілік істер тоқтатылды, әкімдіктердің шешімдерімен еліміздің барлық өңірлерінде 4126 сауда орыны анықталды (жұмыс жалғасуда).

Бас прокуратураның бастамасымен Сауда және интеграция министрлігі осы сұрақты бақылауға алды.


Наверх