Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Аустралия штатын миллиондаған өрмекшілер басып қалды

16 Июня 2021 23:11

НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат - Аустралияның бір штатын алып өрмекшілер торы орап алды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат Daily Mail-ке сілтеме жасап.

Миллиондаған өрмекшілер торы Австралияның Виктория штатының аудандарын қалың қабатпен жауып тастаған. Олар шөптерді, бұталарды, ағаштарды, жол белгілерін және басқа құрылымдарды басып қалды.

Мамандардың айтуынша, әдетте өрмекшілер нөсер жаңбырдан туындаған тасқын судан қашады . Яғни жерден биікке көтеріліп, төсек жапқыштарына ұқсас мықты тор өреді.

«Олар бізге азды-көпті таныс желіден сәл өзгеше веб жасайды. Осындай қатты жаңбыр мен су тасқыны болған кезде, өрмекші биік жерлерге ауысады. Өрмекшілер өз торларының екі қабаты арасында өмір сүреді», - деп түсіндірді Сидней университетінің профессоры Дитер Хочули.

Басылым өрмекшінің бұл түрі адамдарға қауіп төндірмейтінін атап өтті. Қазір жергілікті тұрғындар өрмек торын жаппай тазартып жатыр.


Ключевые слова: Әлем, Оқиға,
Наверх