Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Аудитор бухгалтерлерді пайдаланылған заттарды сатуға мәжбүр еткен - Антикор

25 Мая 2022 16:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі аудиторлық тексеру жүргізу барысында бірнеше рет пара алғаны үшін ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысы мен бас маман-мемлекеттік аудиторына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Аудиторлық тексеру жүргізу кезінде аталған тұлғалар өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, «Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-не бағынысты мекеме бухгалтерлерінен киілген киімдерді (пальто, күртеше, орамал) көтеріңкі бағамен өткізуді талап етіп, сатудан түскен 456 000 теңге ақшалай қаражатты өз қалтасына алғандығы да анықталды», - делінген Агенттік хабарламасында.

Өзге ақпараттар тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Айта кетсек, Антикордың жалған қызметкері Каспий жағалауынан жер телімін талап еткені әшкереленген болатын.


Наверх