Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда вакцина салдырған 18 жасар бозбала миллионер атанды

18 Сентября 2021 22:40

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында вакцина салдырған 18 жасар бозбала миллионер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін Атырауда вакцина салдырған 6 адамның әрқайсысы 1 млн теңгеден ұтып алғанын жазған едік.

Соның бірі – Әділбек Қамидолла. Жылыой ауданында тұратын бозбалаға 1 млн теңгенің сертификаты тапсырылды.

«Вакцина алғандардың арасында өткізілген ақшалай ұтыс ойыны өтіп жатқанын естіген едім. Бірақ, 1 млн теңге ұтып алуды көздемедім. «1 млн теңге ұтып алдыңыз, келіңіз» деген хабарды естігенде, сенер-сенбесімді білмей, абдырап қалдым. Қолыма арнайы сертификатты бергеннен кейін ғана көңілім орнына түсті. Ұтыс ойынын ұйымдастырушылар мені әрең тауыпты. Өйткені, мен алыс ауылда мал шаруашылығыммен айналысамын. Кейде мобильді байланыс болмай қалады», -дейді Әділбек Қамидолла.


Автор Бек Мұстафа
Ключевые слова: Атырау облысы, Оқиға, Вакцина,
Наверх