Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Атырауда тағы бір университет ұжымы «Қазақстан халқына» қорына бір күндік жалақысын аударды

16 Января 2022 15:47

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда тағы бір университет ұжымы арнайы қорға бір күндікжалақысын аударды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін С.Өтебаев атындағы мұнай және газ университетінің ұжымы «Қазақстан

халқына» қорына бір күндік жалақысын аударғанын жазған едік.

Бұл бастамаға өңірдегі байырғы жоғары оқу орны – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау

университетінің профессор-оқытушылары мен қызметкерлері қолдау білдіріп отыр.

«Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорына бір күндік жалақымызды аудару туралы бірауыздан шешім

қабылдадық. Өйткені, қазір жеке адамдар, еңбек ұжымдары, компаниялар осы қорға қаражат аударып жатыр. Мақсатымыз – еліміздегі әлеуметтік жағдайдың оң шешімін тауып, қиындықты еңсеруге арналған бүкілхалықтық ортақ іске үлесімізді қосу.

Сондықтан, біздің университеттің ұжымы «Күшіміз – бірлікте» екенін көрсетіп, қиналған

жандарға қолдау көрсетуді парыз санайды», -дейді университет ректоры Саламат Идрисов.


Наверх