Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда мейрамханада өтіп жатқан үйлену тойы тарқатылды

4 Августа 2021 00:46

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда карантин кезінде мейрамханада өтіп жатқан үйлену тойы тарқатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, карантиндік шектеу шараларын елемей, той өткізгендер әлі де тоқтамай тұр.

«Мәселен, Исатай ауданында 7 мобильді топ мүшелері әр түрлі іс-шара, той түріндегі басқосу өткізген 15 деректі тіркеді. Нақтысын айтқанда, «Лото клуб» кеңсесі мен 14 тұрғын үйінде той-думан өткізген. Ал, Қызылқоға ауданында 6 іс-шара мен 4 той өткені анықталды. Атырау қаласына таяу орналасқан Дамбы ауылдық округінде 1 тамызда сағат 19:00 шамасында «Адина» мейрамханасында өтіп жатқан үйлену тойы тарқатылды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Карантин шектеу кезінде түрлі іс-шаралар мен той өткізгендерге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 425-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында жыл басынан бері карантин талабы 620 мәрте бұзылғанын жазған едік.

Автор Бек Мұстафа
Ключевые слова: Қоғам, Атырау облысы, Карантин,
Наверх