Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда көпірден секіріп кеткен жүкті келіншек құтқарылды

7 Декабря 2021 13:38

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда көпірден секірген жүкті әйел құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 2021 жылдың 7 желтоқсанында жүкті әйел жаяу жүргіншілер көпірінен секіріп кеткен.

Оқиға таңертең сағат 09.35 кезінде болған..

Атырау облыстық полиция департаментінің қызметкерлері қайықпен әйелдің жанына дейін жүзіп, оны судан шығарды.

Сосын полицейлер келіншекті Атырау облысы ТЖД қызметкерлеріне тапсырды.

Құтқарушылар дереу жасанды тыныс алу және жүрек массажы арқылы алғашқы көмек көрсетті.

Құтқарушылардың жедел және батыл әрекетінің арқасында әйел адам жедел жәрдем келгенге дейін құтқарылды.

Құтқару операциясына Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің 5 қызметкері мен бір техника қатысты.


Ключевые слова: Суицид, Атырау облысы, Оқиға,
Наверх