Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда колледжде оқитын үш студент қыз төбелесіп қалды

26 Октября 2021 07:21

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда колледжде оқитын үш студент қыз төбелесіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау бизнес және құқық колледжі директорының орынбасары Назерке Қожабаеваның айтуынша, студенттер арасындағы жанжал 19 қазанда болған.

Әуелі екі қыз бір-бірімен төбелесіп қалған. Кейін төбелеске үшінші қыз араласқан.

Қыздардың төбелесін колледждің оқытушылары мен студенттері тоқтатқан.

«Студенттер сабақтан кейін, түскі мезгілде төбелескен. Біз төбелеске қатысқан студенттердің ата-анаcын шақырып, жиналыс өткіздік. Бірінші курс студенттерімен де түсінік жұмыстары жүргізілді. Психолог студенттермен жеке әңгімелесті», - дейді Назерке Кожабаева.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 жасөспірімнің ата-анасына ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 435-бабымен хаттама толтырылған.

Жинақталған іс құжаттары Атырау облыстық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жолданды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 20 күн үйіне қонбаған жасөспірімнің Ақтаудағы мектеп-интернатқа жіберілгенін хабарлаған едік.

Автор Бек Мұстафа
Ключевые слова: Оқиға, Білім, Жастар, ЖОО-лар, Атырау облысы,
Наверх