Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда Израильден келген дәрігерлер бір күнде сегіз ота жасады

27 Октября 2021 09:15

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Израильдан келген дәрігерлер бір күнде сегіз ота жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, бүгін, 26 қазанда Израиль дәрігерлері облыстық перинаталдық орталықта сегіз ота жасаған.

«Израильден келген 3 дәрігер кесарь тілігімен 7 акушерлік және бір гинекологиялық отаны сәтті өткізді. Сондай-ақ, олар модульдік аурухананың инфекциялық стационарындағы пациенттерге кеңес беріп, күрделі отаға қатысты. Шетелдік дәрігерлер жүкті әйелдерді босандыруға қатысты шұғыл шараларға қатысуға ниет етіп отыр», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында биыл 16 ана өлімі тіркелгенін жазған болатынбыз.





Автор Бек Мұстафа
Ключевые слова: Аймақ, Ғылым, Атырау облысы, Медицина,
Наверх