Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Атырау облысында ұрлыққа күдіктіні ұрып-соққан екі полицей сотталды

27 Января 2022 14:33

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында ұрлыққа күдіктіні ұрып-соққан екі полицейсотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицейлер ҚР Қылмыстық

кодексінің 146-бабы, 2-бөлігінің 1-тармағы, 362-бабы, 4-бөлігінің 1,3-тармақтарын бұзған.

Қылмыстық іс Жылыой аудандық сотында қаралды.

«2021 жылдың 20 наурызында полиция бөлімінің жедел уәкілдері К. және А. ақша

қаражатын ұрлау дерегімен қозғалған қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде танылған

жәбірленуші А.-ны үйінен күштеп алып шыққан. Полиция бөліміне жеткізіп, заңсыз ұстап, қорқытып, ар-намысына тиетін сөздер айтып, ұрып-соғып, дене жарақаттарын

салған. К. және А. жәбірленушінің ұялы телефонымен банкке соның

атынан қоңырау шалып, есебінде қанша ақша барын анықтаған. Телефонды алу

туралы хаттама толтырылмаған.Яғни жәбірленушіден рұқсат сұрамай, өз

өкілеттіктерін асыра пайдаланып, оның заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі түрде нұқсан келтірген. Сотталушылардың кінәсі жәбірленушінің жауабымен, сондай-ақ сараптама қорытындыларымен толықтай дәлелденді», -деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Сот үкімімен К. және А.-ға ҚР Қылмыстық Кодексінің 146-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен 1 жыл мерзімге мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып,

3 жыл мерзімге, 362-бабының 1-бөлігімен 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру

жазасы тағайындалды. Аталған құжаттың 58-бабының 3-бөлігіне сәйкес, оларға түпкiлiктi

1 жыл мерзімге мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 3 жыл

мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ, полицейлер полиция аға лейтенанты, полиция капитаны шенінен айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 6 млн теңгені жымқырған директор сотталғанын

жазған болатынбыз.


Автор Бек Мұстафа
Ключевые слова: Атырау облысы, Қылмыспен күрес, Сот,
Наверх