Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау облысында коронавирусқа шалдыққан 227 адам ауырып жатыр

6 Декабря 2021 14:37

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «Жасыл» аймақтағы Атырау облысында коронавирус инфекциясына шалдыққан 227 науқас ауырып жатыр. Оның ішінде 117 адам үй жағдайында емделуге, ал, инфекциялық стационарларда 110 пациент оқшауланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен тәулік – 5 желтоқсанда қауіпті вирустың белгісі 9 адамнан анықталған. Атырау қаласында Сovid-19 инфекциясын жұқтырудың 5 жағдайы расталған. Сондай-ақ, Теңіз кен орнында – 2, Қызылқоға ауданында – 1, Құрманғазы ауданында 1 науқас тіркелген.

«Қазір 117 адам үй жағдайында емделуге, ал, 580 орынға есептелген инфекциялық стационарларда 110 науқас (жүктеме – 18,9%) оқшауланған. Оның ішінде модульдік ауруханада – 63, аудандардағы инфекциялық стационарларда – 30, Жылыой ауданында орналасқан Теңіз кен орнындағы стационарда 17 пациент ем-дом қабылдап жатыр» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, инфекциялық стационарлардағы 58 төсек-орынға есептелген жансақтау бөлімшелерінде жатқан 16 науқастың жағдайы нашарлаған. Жағдайы өте ауыр 2 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Бұл бөлімшелердегі жүктеме – 27,6%.

Еске сала кетелік, Атырау облысында былтырдан бері 51 975 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған.



Автор Бек Мұстафа
Ключевые слова: Коронавирус, Атырау облысы, Медицина,
Наверх