Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар саны күрт төмендеді

27 Октября 2021 02:23

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «Жасыл» аймақтағы Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны күрт төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 25 қазанда қауіпті вирус белгісі 10 адамнан анықталған. Оның ішінде Атырау қаласында – 2, Теңіз кен орнында – 5, Құрманғазы, Мақат және Махамбет аудандарында бір-бірден науқас бар.

«Қазір үй жағдайында 219, инфекциялық стационарларда 203 науқас оқшауланған. Оның ішінде модульді ауруханада – 99, Теңіз кен орнындағы стационарда – 65, аудандардағы инфекциялық стационарларда 33, №2 облыстық ауруханада 6 пациент емделіп жатыр» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында сырқаттар емделіп жатқан 730 төсек-орын босағанын хабарлаған едік.



Автор Бек Мұстафа
Ключевые слова: Коронавирус, Атырау облысы,
Наверх