Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау облысында 36 сайлау учаскесінде дауыс беріліп жатыр

25 Июля 2021 12:26

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 18 ауылдың әкімі сайланады. Қазір 36 сайлау учаскесінде дауыс беру жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумовтың мәліметіне сүйенсек, 18 округ бойынша 52 үміткер сайлау бюллетеньіне енгізілген.

«Әкім сайлауына саяси партиялардан (NurOtan – 15, «Ауыл» ХДПП – 5, «АDAL» саяси партиясы – 2, ҚХП – 2) 24 үміткер ұсынылды. Өзін-өзі ұсынған үміткерлер – 28. Үш округте 2 (Атырау қаласынан Қайыршахты, Құрманғазы ауданынан Сафон, Теңіз аауылдық округтері), 1 округте (Махамбет ауданының Сарайшық ауылдық округі) 4, ал, 14 округте 3 үміткер тіркелді. Сайлау бюллетеньдері жалпы сайлаушылар санының бір пайызы артығымен дайындалып, сайлау округтеріне, учаскелерге жеткізілді» -дейді Азамат Айманакумов.

Оның айтуынша, сайлау басталғанға дейін сайлау бюллетеньдері жеткізілген ғимарат мөрленіп, ішкі істер органдарының күзетіне берілген. Барлық 36 сайлау учаскесіндегі дауыс беру пунктері Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен бекітілген тиісті ережеге сәйкес жарақтандырылған.

«Атырау облысында сайлаушылар тізімінде 44 305 сайлаушы енгізілген. Сайлау 41 елді мекендегі 36 сайлау учаскесінде өтіп жатыр. Сайлау учаскелері құрылмаған 12 елді мекенде дауыс беруді ұйымдастыру мәселесі шешілді. Ең шалғайдағы сайлау учаскелері Құрманғазы ауданының аудан орталығынан 180 шақырым қашықта Асан ауылдық округінде орналасқан» -дейді Азамат Айманакумов.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында әкім сайлауында 52 үміткер бақ сынайтынын хабарлаған болатынбыз.


Автор Бек Мұстафа
Ключевые слова: Аймақ, Әкім сайлауы, Сайлау, Әкім, Атырау облысы,
Наверх