Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Атырау облысында 2025 жылға дейін 48 мектеп салынады

29 Января 2022 02:03

АТЫРАУ. ҚазАқпарат. – Атырау облысында 2025 жылға дейін 48 мектеп салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін Атырау облысында 16 елді мекенде ауыз су желісі жүргізілетінін жазған едік.

Былтыр Атырау облысының 2025 жылға дейінгі кешенді даму бағдарламасы қабылданған.

«Өңірдің білім саласында үш ауысымдық мектептер мәселесі толық шешімін таппаған. Бұл мәселені алдағы екі жылда шешу жоспарланып отыр. Атырау облысының 2025 жылға дейінгі кешенді даму бағдарламаға 48 мектеп құрылысын жүргізу енгізіліп отыр. Мектептер құрылысы республикалық, жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады. Қазірдің өзінде мемлекет-жекеменшік әріптестігі аясында жеке инвестициямен 2 мектептің құрылысы басталды. Алдағы 2 жылда Атырау облысында үш ауысымдық және апатты мектептер мәселесі толықтай шешіледі», -дейді облыс әкімінің орынбасары Нариман Таушов.


Автор Бек Мұстафа
Ключевые слова: Құрылыс, Мектеп, Аймақ, Атырау облысы,
Наверх