Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Атырау облысына шетелдіктерді жұмысқа тарту үшін 7 598 квота бөлінді

29 Января 2022 15:24

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Биыл Атырау облысына шетелдіктерді жұмысқа тарту үшін 7 598 квота бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетовтың айтуынша, мұнайлы өңірге шетелдік жұмыс күшін тарту үшін 7 598 квота бөлінген. Оның ішінде 563 квота маусымдық жұмыс істейтін шетелдіктерге арналған.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Айдарбековпен кездеске Өзбекстан Республикасының Ақтау қаласындағы бас консулы Атабек Тұрсынбековтің мәлім еткеніндей, көрші ел азаматтары Атырау облысына келіп, жұмыс істеуге дайын.

«Алайда, Атыраудағы шаруа қожалықтары арнайы құжатқа сәйкес, Өзбекстан Республикасының Сыртқы еңбек көші-қон агенттігімен келісімшарт жасауы қажет. Бұл онлайн форматта да жүзеге асырылады. Сұраныста қанша адам, қанша айға қажеттігі, жалақы көлемі туралы нақты мәліметтер көрсетілуі тиіс», - дейді Атабек Тұрсынбеков.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында 23 мыңға жуық жұмыс орны ашылатынын хабарлаған болатынбыз.


Наверх