Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау гарнизонының әскерилері 40 литр қан тапсырды

15 Июня 2021 20:53

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау гарнизонының 100-ге жуық офицері мен әскери қызметшілері 40 литр қан тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау гарнизоны баспасөз қызметінің мәліметінше, қан тапсыру үшін әскери бөлім аумағында мобильді қан қабылдау бекеті жұмылдырылған.

«Қан тапсырмас бұрын донорлар қан тобын анықтау үшін алдын-ала тексеруден өтті. Содан соң сауалнама толтырып, дәрігерлер сауалына жауап берді. Әскери қызметшілер қан банкін толтыру үшін үнемі қан тапсырып келеді», - дейді «Батыс» өңірлік қолбасшылығының медициналық қызмет бастығы, подполковник Нағысхан Оразымбетов.

Оның айтуынша, әскерилер бес жылдан бері жылына екі рет қан тапсырады.




Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау гарнизонының әскерилері рәміздерге құрмет көрсеткенін хабарлаған едік.


Автор Бек Мұстафа
Ключевые слова: Атырау облысы, Әскер, Аймақ,
Наверх