Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Astana Marathon 2021-ге вакцина алған желаяқтар ғана қатыса алады

20 Сентября 2021 13:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада 26 қыркүйек күні жыл сайынғы Astana Marathon 2021 халықаралық марафоны өтеді. Биыл жарыс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Марафонды Дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырады. Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, бұқаралық, соның ішінде спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Сондықтан биылғы жарысқа қатысушылар саны шектеулі болмақ. Ал КВИ-ге қарсы вакцинациядан өткен желаяқтарға қатысуға рұқсат етіледі (вакцинация тек ересек қатысушылар үшін).

Astana Marathon 2021 аясында екі қашықтық көзделеді: 18 және одан жоғары жастағы қатысушылар үшін 42,2 км, ал 16 және одан жоғары жастағы қатысушылар үшін 10 км (тек кәмелетке толған адамдар ғана вакцинацияланады). Марафонға қатысу үшін тіркелуді 23 қыркүйек сағат 00:00-ге дейін www.astana42k.com сайтынан онлайн өтуге болады.

Айта кету керек, биылғы марафон қатысушылар үшін ерекше болмақ, өйткені биыл ол «қола» статусына ие.




Bronze Label Road Races 2019 жылғы қарашада World Athletics ұйымы тарапынан беріліп, ТМД аумағында Astana Marathon осындай статусқа ие болған алғашқы және жалғыз марафон жасады. 2018 жылдан бастап Astana Marathon Халықаралық марафондар мен желаяқтар қауымдастығының (AIMS) мүшесі, 2020 жылдан бастап Abbott World Marathon Majors Wanda Age Group жас ерекшелік топтарында марафоннан әлем чемпионатының біліктілік марафондар тобына енді.

Естеріңізге сала кетейік, бұл бәсеке қайырымдылық шарасы болып саналады. Осылайша, 2009 жылдан бастап Astana Marathon ұйымдастырушылары қазақстандық қайырымдылық ұйымдары үшін 37 млн теңгеден астам қаражат жинады.


Ключевые слова: Нұр-Сұлтан, Спорт, Әкімдік, Вакцина,
Наверх