Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Astana Ballet театры IX театр маусымында қандай қойылымдар көрсетеді

17 Сентября 2021 14:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Astana Ballet театры «Леонид Ильич Брежневке қарсы Жарқанат адам. Кеңестік триллер» спектаклін көрсетеді. Бұл туралы театр директоры Александр Совостьянов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«IX театр маусымына келсек, жыл соңына дейін үш үлкен премьера жоспарланған. Қазан айында біздің сахнада Кіші Броннаядағы театрдың гастрольдері өтеді. «Леонид Ильич Брежневке қарсы Жарқанат адам. Кеңестік триллер» спектаклі қойылады. Біздің ойымызша, өте қызық қойылым болады. Бұл Мәдениет және спорт министрлігі Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен бірлесіп жасайтын театр апталығында өтеді. Театр апталығының өтетін күні жақын арада хабарланады», - деді театр директоры Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Театрдың көркемдік жетекшісі Нұрлан Қанетовтың айтуынша, гастрольдер аяқталған соң Джордж Баланчиннің фортепиано мен оркестрге арналған «Капричио» балетінің қойылымы үшін Баланчин қорынан педагог-репетитор келеді.

«Сонымен бірге бас балетмейстер Мукарам Авахридің «Тағдыр бұлтарыстары» жаңа балетін қою жұмысы қатар жүреді. Қараша айында Чехиядан педагог келіп, әртістерімізге мастер-класс өткізеді. Желтоқсан айында Ксения Звереваның «Өнер синтезі» заманауи балетінің жаңа қойылымы күтілуде, онда тек балет қана емес, музыка, драма, сән де біріктіріледі. Сәуір айының басында тағы бір спектакльдің премьералық көрсетілімі жоспарланған. Әрине, көрермен арасында үлкен жетістікке жеткен «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» сияқты қазіргі репертуарды да ұсынамыз. Сондай-ақ, жаңа жылдық дәстүрлі «Щелкунчик» шоулары және тағы басқалары болады», - деді Н. Қанетов.

Айта кетейік, Astana Ballet Дубайдағы ЭКСПО-2020 бүкіләлемдік көрмесінде екі қойылым көрсетеді.

Дубай опера сахнасында 27-28 қазанда - «Махаббат туралы аңыз», ал 29-30 қазанда – «Бейбарыс сұлтан» балеті қойылады.


Автор Айжан Серікжанқызы
Ключевые слова: Нұр-Сұлтан, Мәдениет, Өнер, Театр,
Наверх