Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Астана автобустарында жол ақысын банк картасымен төлеуге болады

16 Октября 2021 23:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 18 қазаннан бастап Нұр-Сұлтан қаласында бірнеше қоғамдық көлік бағыттарында жол жүру ақысын кез келген екінші деңгейдегі банктің картасымен төлеуге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

CTS компаниясының мәліметінше, бұл жаңашылдық пилоттық режимде іске қосылады және 31 қазанға дейін жалғасады.
«VISA және Mastercard карталары, сондай-ақ NFC жүйесімен жабдықталған смартфон арқылы төлем жасауға болады. Транзакция үшін оларды валидатордың жанында орналасқан арнайы терминалға тигізу жеткілікті», - деді компаниядан.
Айта кетейік, пилоттық жоба №61 қалалық бағыттағы үш автобуста, сондай-ақ қала маңына қатынайтын №309, 310, 315 бағдарларда жүзеге асырылады. Автобустар арнайы сәйкестендіру жапсырмаларымен ерекшеленеді.
Банк картасымен төлеу кезіндегі жол жүру құны өзгеріссіз қалады.
Пилоттық жоба банк картасымен жол ақысын төлеу валидаторларын сынақтан өткізуге мүмкіндік береді. Кейін бұл қызмет барлық автобустарда қолжетімді болмақ.


Наверх