Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Асқар Мамин қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады

1 Декабря 2021 16:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz-ге сілтеме жасап.

«Тәуелсіздіктің 30 жылында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси реформалардың уақытылы әрі тиімді жүзеге асырылуының арқасында Қазақстан өзінің даму жолында елеулі серпіліс жасады.

Бүгінгі таңда Қазақстан – экономикасы қуатты, Конституциясы озық, тиімді билік институттары бар, мемлекеттік шекарасы толықтай халықаралық тұрғыда ресімделген орнықты және прогрессивті мемлекет ретінде қалыптасты деп нық сеніммен айтуға болады», делінген құттықтауда.

Асқар Маминнің айтуынша, аймақтың заманауи экономикалық, әлеуметтік және мәдени орталығына айналған Нұр-Сұлтан қаласы бой көтерді.

«Елбасы экономиканың одан әрі тұрақты өсуін қамтамасыз етуге және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға жол ашатын Қазақстан дамуының жаңа кезеңінің іргетасын қалап, стратегиялық бағытын айқындады.

Барлық қазақстандыққа зор денсаулық, татулық пен амандық тілеймін!»,- деді ҚР Премьер-Министрі.


Ключевые слова: Тұңғыш Президент - Елбасы, ҚР Премьер-Министрі,
Наверх