Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әсет Ерғалиев Еуропалық одақтың көміртек салығына қатысты пікір білдірді

27 Октября 2021 15:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев 2023 жылдан бастап Еуропалық одақ елдерінде енгізілетін көміртек салығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еуропалық одақ 2023 жылдан бастап көміртек салығын енгізуді жоспарлап отыр. Ол зиянды шығарындылар деңгейі өте жоғары өндіріске импортталатын тауарларға енгізілетін болады. Айта кетерлігі, мұндай елдер үшін 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін көшпелі кезең ұсыну мүмкіндігі де қарастырылып жатыр. Егер де қандай да бір тауарлар жайында айтар болсақ, онда олар – мұнай өнімдері, болат, алюминий, цемент, органикалық химия тауарлары. Көміртек салығы құрылымына қатысты Еуропалық одақта талқылау жүріп жатыр»,- деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Осы ретте ол аталған талқылаулар барысын тыңғылықты бақылап, сараптама жүргізіп отырғандықтарын және Еуразиялық экономикалық одақтағы серіктестерімізбен кеңес жүргізетіндіктерін атап өтті.

«Жалпы, есептеулер жүргізіліп жатыр. Меніңше, осы жылдың соңына дейін картина айқындалатын болады», - деді Әсет Ерғалиев.


Наверх