Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Арзанға пәтер сатамын»: Семейде алаяқ тұрғындарды 10 млн теңгеге алдаған

7 Декабря 2021 16:00

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласының тұрғындарын алдап, 10 млн теңгеге жуық пайда көрген алаяқ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына 24 жастағы азамат хабарласқан. Өз сөзінде ол нарықтық бағадан әлдеқайда арзанға пәтер сатып алып беретіндігін айтқан бейтаныс әйелге 3 млн теңге бергенін жеткізді.

«Жедел іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін сотты болған 27 жастағы қала тұрғынын ұстады. Сондай-ақ оның дәл осы әдіспен тағы екі адамды алдап соққаны белгілі болды. 52 және 27 жастағы зардап шегуші 6 850 000 теңге шығынға батқан. Күдікті өз кінәсін мойындады», - деді облыстық ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес тергеу амалдары жалғасуда.


Наверх