Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Түркістан облысында республикалық ақындар айтысы өтті

7 Декабря 2021 16:55

САЙРАМ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Сайрам ауданында «Мәңгілік ел жырлайды» республикалық ақындар айтысы өтті. Жыр додасы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттың ұлы тұлғалары – Жамбыл Жабаев, Әлихан Бөкейханов, күш атасы Қажымұқан, сондай-ақ Дина Нұрпейісова, Ыбырай Алтынсариннің мерейлі жылдарын жырға қосқан ақындар айтысты сағынған көрерменін бір серпілтті. Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұлықтап, ел мерейін үстем етті.

Таңертеңнен басталған ретро айтыста 4 жұп өнер көрсетіп, аламанның қорытындысында бас жүлдені Түркістанның тарланы Бекарыс Шойбеков иеленді. Бірінші орын Серік Қалиевке бұйырса, екінші орынды Анар Жаппарқұлова жеңіп алды. Ал үшінші орынды Айбек Қалиев місе тұтты. Айтыстың арнайы жүлделері Кәрима Оралова, Ақмарал Леубаева, Маржан Есжанова, Бөрібай Оразымбетке берілді.

Қазылар алқасының төрағасы, жазушы, «Алаш» сыйлығының иегері Мархабат Байғұт жүрегінен жыр төгіп, халқын қуантқан ақындарға шынайы алғысын білдірді.


Наверх