Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Павел Колмаков фристайл-могулдан әлем кубогінің күміс жүлдегері атанды

5 Декабря 2021 04:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Павел Колмаков фристайл-могулдан әлем кубогі кезеңінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Фристайл-могулдан әлем кубогінің алғашқы кезеңі Финляндияның Рика қаласында өтіп жатыр. Ерлер арасындағы сын бойынша Қазақстан құрамасы бір жүлдемен толықты. Павел Колмаков финалда 82.10 ұпай жинап, жарысты екінші болып аяқтады.

Канадалық Майкл Кингсбери топ жарса, жапониялық Юкима Хоришима үздік үштікті қорытындылады.


Ключевые слова: Спорт,
Наверх